Алматыда ұрылар 4 банкоматты тонап кеткен
Алматыда ұрылар 4 банкоматты тонап кеткен
128
оқылды
Алматыда банкомат тонаумен айналысты деген күдікпен 4 адам ұсталды, - деп хабарлайды inform.kz. Ұрылар қылмыстық әрекеттерін түнде істегені белгілі болып отыр. Олар банктердің терминалдарын бұзып, кассетаны шығарып, ақшаны алған алған соң, ұяшықты қайтадан орнынан салып кететін болған. «Күдіктілер қолға түсті. Олар төртеу. Олар өздерінің соңғы «жорықтары» барысында терминалдан 160 мың теңгеден астам ақшаны алып кеткен. Тергеу барысында күдіктілер өздерінің 4 банкоматты тонағанын айтқан. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергелуде. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.