Партия алдындағы міндеттер орындалады
Партия алдындағы міндеттер орындалады
108
оқылды

Атырауда «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы­ның төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының XXXIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға облыс орта­лығынан оффлайн және аудандардан онлайн 100-ге жуық партия мүшесі қатысты.

Конференцияға саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының мү­шелері қатысты. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Атырау об­лыстық филиалы саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, алдағы кезеңге арналған міндеттері қаралды. Жиынға төрағалық еткен Махамбет Досмұхамбетов күн тәр­тібіне қойылған «Атырау облыстық партия филиалы саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұ­мыстарының есебі» мәселесі бо­йын­ша баяндама жасады. «Елбасы бастамасымен «Nur Otan» партиясы да уақыт тала­бына сай жаңару жолына түсіп, жаңа белестерді бағын­дыруда. Партия­ны қайта жаң­ғырту – бұл қазіргі талаптарға нақты жауап. Бұл бір­қатар әлеу­меттік маңыз­ды, қо­ғамдық-саяси мәсе­лелерді жер­гі­лік­ті деңгейде шешуге мүмкіндік берді. Елбасы ұсынған жаңа ме­ханизм – бұл ел дамуын­дағы ке­зекті нақты қадам және партияны халықпен өзара іс-қи­мылдың жаңа деңгейіне шы­ғарды» деген өңір басшысы сын­дарлы сәттерде нұротан­дықтар әрдайым халық­тың жанынан табылып, қиын да күрделі мін­деттерді атқарып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар облыс әкімі VI шақырылым мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың 151 мәжілісі өтіп, онда 340 мәселе қаралып, 270 ұсыныс мемлекеттік органдарға жолданғанына тоқтал­ды. Оған қоса, соңғы екі жылда 3 мың­нан аса іс-шара мен депутат­тық фракцияның мүшелері 706 қоғамдық қабылдау өткізген. Филиал төрағасының айтуын­ша, партия былтырғы өткізілген праймериз іріктеу жұмыстарында белсенді рөл атқарған. «Атырау облысы бойынша партияішілік іріктеу – прайме­ризге 408 адам ұсынылып, оның 404-і кандидат ретінде тіркелді. Дауыс беру қорытындысы бойын­ша өңір партия мүшелері жоғары саяси белсенділік танытып, Аты­рау облысының 22 мыңнан аса партия мүшесі немесе 94,4 пайызы дауыс берді, бұл республика бо­йынша бірінші көрсеткіш», – деді Махамбет Досмұхамбетов. Конференцияда облыс әкімі­нің орынбасары, «Nur Otan» пар­тиясы Атырау облыстық филиалы­ның бақылау-тексеру ко­­­­­­­мис­­­­сия­­­сы­ның төрағасы Нари­ман Таушов Атырау облыс­тық пар­тия филиалы бақы­лау-тексеру комис­сиясының 2019-2020 жыл­дары атқарған жұмыс­тарының есебі бойынша баяндама жасады. Атқарыл­ған жұмыстар мен алдағы жоспар егжей-тегжейлі баяндалды. Биыл сайланбалы орган­дар­дың өкілеттік мерзімдері аяқ­та­луына байланысты Атырау облыс­тық партия филиалы саяси кеңе­сінің 31 адамнан тұратын құ­ра­мы мен бақылау-тексеру ко­мис­сия­сының жаңа құрамы бекітілді. Жиын соңында филиал төра­ғасы алдағы жұмысты тиімді қам­тамасыз ету үшін «Өзгерістер жо­лы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орын­далуын бақылауға алуды тап­сырды. Депутаттық фракцияның мүшелеріне барлық әлеуметтік топ­тармен кері байланысты ны­ғай­туды, саяси және идеология­лық жұмыстарды одан әрі жетіл­діруді міндеттеді.  

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы