Ауғанстанға көмек – қауіпсіздік кепілі
Ауғанстанға көмек – қауіпсіздік кепілі
190
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы

Ауған тарапының бастама­сымен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ашраф Ғани бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мем­ле­кет басшысы достас ауған хал­қына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Президенттер АҚШ пен НАТО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылып жатқан кездегі ахуал жайында пікір алмасты. Елдегі саяси-дипломатиялық жағдайды ауғандықтардың өзін қатыстыра отырып, бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жол жоқ екені нақ­тыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­станның Ауғанстанды терроризм­нен және заңсыз есірткі тасыма­лынан ада, біртұтас, бейбіт, бей­тарап ел ретінде қалыптастыру жо­лында барынша көмек көр­сетуге дайын екенін жеткізді. Ашраф Ғани ауғанішілік диалогті дәйекті түрде қолдағаны және өз еліне нақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақ­станға ризашылығын білдірді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі мем­лекет арасындағы ықпал­дас­тық мәселелерін шешуде іскерлік тәсілді қолданудың маңыздылығы жөніндегі пікірімен келісті. Со­ны­мен қатар Ашраф Ғани Ауғанс­тан­дағы ахуалды реттеуге жұмыл­ды­рылған халықаралық күш-жігерге Қазақстанның белсенді араласуын өте маңызды деп санайды.