Алматы көш басында

Алматы көш басында

Алматы «Nur Otan» бас­тауыш ұйымдарының саны бойынша республикада бі­рінші орында тұр. Мегапо­листе барлығы 675 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді, олар сондай-ақ 60 мың пар­тия мүшелерін біріктіреді. Осы және басқа да көрсеткіш­тер партияның Алматы қала­лық филиалының басшысы, қала әкімі Бақытжан Сағын­таев­тың төрағалығымен өт­кен ХXVII есептік-сайлау кон­ференциясында айтыл­ды.

Бақытжан Сағынтаев Алматы­дағы нұротандықтар санының өсуі – партияға деген сенімнің жоғары көрсеткіші екенін атап өтті. Ол сонымен қатар «Nur Otan» пандемия жағдайында елдің дамуын қамтамасыз ете ала­тын жалғыз саяси күшке айнал­ғанын, карантин кезеңінде партия қиын жағдайда қалған азаматтарға жедел көмек көрсеткенін тілге тиек етті. Бұл жұмыстардың бәрі партия Лидері Н.Назарбаевтың бастама­сымен құрылған Birgemiz қоры­ның арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар партиялық жоба­лар аясында 7 мыңнан астам аз қамтылған азаматтарға жеке са­ни­тарлық қорғау құралдары түрінде 150 млн теңге берілді. Almaty Birgemiz қоры қала тұрғындарына 50 мың теңгеден бөлді, олардың саны 60 мыңнан астам адамды құрады. 52 мыңнан астам мұқтаж отбасы демеушілік қаражат есебінен азық-түлік се­бетін алды. «Ардагерлерді ардақ­тайық» партиялық жобасы ая­сында филиал 4 000-нан астам қарт алматылыққа атаулы көмек көрсетті. Шамамен 1 000 адамға, оның ішінде ҰОС ардагерлері мен 80 жастан асқан адамдарға ыстық тамақ тегін жеткізілді. Жиын барысында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Мейіржан Отыншиев сөз сөйледі. – Алматылықтар «Nur Otan» ең алдымен қарапайым азамат­тардың: дәрігерлердің, мұғалім­дердің, жастардың, үкіметтік емес ұйымдардың, көпбалалы ана­лардың және белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың пар­тиясы екеніне көз жеткізді. Соны­мен қатар соңғы жылдары ал­матылық нұротандықтар халықты толғандыратын мәселелер туралы айтып қана қоймай, нақты шешімдер ұсынады, – деп атап өтті Мейіржан Отыншиев.

Әбілмансұр ЖАСАН