Енді олар қоғамдық көлікте тегін жүреді
Енді олар қоғамдық көлікте тегін жүреді
132
оқылды

Мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тарды біріктіретін қоғам­дық ұйым өкілдері бірнеше жылдан бері Көкшетау қала­сының жергілікті атқарушы органдарының көмегіне жү­гініп, қалалық мәслихат пен әкімнің қаулысына енгізілген 15 санатты өзгертуді талап етіп келді. Мәселе «Nur Otan» пар­тиясы Ақмола облыстық филиалының аралсуымен енді ғана шешіліп отыр.

"Nur Otan"партиясы облыстық  филиалына жал­пы саны 200-ден астам Көкшетау қалалық «Қазақ соқырлар мен саңыраулар» қо­ғамының өкілдері жиналып, қоғамдық көліктерде ақысыз жүру туралы өтініштерді қарауды сұрады. Мәселенің мән-жайын түсінген «Nur Otan» пар­тиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қаладағы автобус парктерінің бас­шы­ларына, қалалық мәслихаттың депутаттары мен жергілікті ат­қарушы органның өкілдеріне мәселені заң аясында тезірек шешуді тапсырып, бірнеше кез­десу ұйымдастырған болатын. Сонымен, Көкшетау қалалық мәслихатының жуырда өткен кезектен тыс VI сессиясында «Көк­шетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы №А-8/1531 бірлескен қаулысына және Көкшетау қалалық мәсли­хаты­ның шешіміне өзгерістер енгізу ту­ралы» мәселе қаралып, 2019 жыл­ғы 28 тамыздағы №36/4 «Көк­ше­тау қаласының қоғамдық көлік­терімен Көкшетау қаласы аза­мат­тарының белгілі бір санаты үшін жолақысын төлеуге жеңіл­дік бел­­гілеу туралы» мәселесі қа­ралды. «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің араласуымен мәселе оң шешіліп, Көкшетау қалалық мәслихатының сессия­сында қаулы қабылданып, енді есту және көру қабілетінен айырыл­­ған ІІ топ мүгедектері қо­ғам­дық көлікте тегін жүре алатын болды. Көкшетаудан өзге қалаларда бұл санаттағы адамдар (есту және көру қабілеті бұзылған азаматтар) ақысыз жүреді, алайда Көкше­тауда олар тізімнен шығарылып тасталған. Азғантай ғана жәрде­м­ақы алатын жарымжан азаматтар үшін отбасылық бюджетке бұл қосымша жүктеме екені сөзсіз. Партияның араласуымен мә­селе оң шешімін тапты. Көкшетау қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен қаулысы Ақмола облысының Әділет де­партаментінде тіркеуден өткен соң және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Әбілмансұр ЖАСАН