14 мамырға арналған ауа райы болжамы
14 мамырға арналған ауа райы болжамы
105
оқылды

Тек қана солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте тұман түседі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерде екпіні 23 м/с болады. Қызылорда облысында түнде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Шығыс Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстанда тұман түседі. Қызылорда, Алматы облысында өрт қаупі бар.