Жексенбі күні астанада автобус жүре ме?
Жексенбі күні астанада автобус жүре ме?
139
оқылды

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қалада бір күнге автобус тоқтайды.

«16 мамыр, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады» делінген хабарламада.

Автобустарда дезинфекциялау жұмысы жүргізіледі. Астанада автобусқа маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысын қолма-қол ақшасыз көліктік карта немесе QR-код сканерлеу, көлік кодын енгізу арқылы төлеуге болады.