City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қалада бір күнге автобус тоқтайды.
Автобустарда дезинфекциялау жұмысы жүргізіледі. Астанада автобусқа маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысын қолма-қол ақшасыз көліктік карта немесе QR-код сканерлеу, көлік кодын енгізу арқылы төлеуге болады.«16 мамыр, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады» делінген хабарламада.