Жоғалған ер адамның мәйітін көпірден өтіп бара жатқандар тапты
Жоғалған ер адамның мәйітін көпірден өтіп бара жатқандар тапты
129
оқылды

Ертістегі көпір астында жатқан мәйітті бірінші сол маңайдан өтіп бара жатқан адамдар көрген.

Полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы Арман Мұхалиев 10 мамыр күні таңғы сағат 5.00-де үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны полицейлер, туыстары, еріктілер іздестірген. Бірақ таба алмаған. Кейіннен шамамен кешкі сағат 19.30-да Ертіс өзендегі көпірден өтіп бара жатқан адамдар ер адамның денесін тауып алған.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама жүргізіледі», – дейді полицейлер.

Бұған дейін құтқарушылар келгенше, суға батып кеткен баланы алып шыққан ауыл тұрғындары туралы жазған болатынбыз.