Ертістегі көпір астында жатқан мәйітті бірінші сол маңайдан өтіп бара жатқан адамдар көрген.
Полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы Арман Мұхалиев 10 мамыр күні таңғы сағат 5.00-де үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны полицейлер, туыстары, еріктілер іздестірген. Бірақ таба алмаған. Кейіннен шамамен кешкі сағат 19.30-да Ертіс өзендегі көпірден өтіп бара жатқан адамдар ер адамның денесін тауып алған.«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама жүргізіледі», – дейді полицейлер.
Бұған дейін құтқарушылар келгенше, суға батып кеткен баланы алып шыққан ауыл тұрғындары туралы жазған болатынбыз.