Автобус бағанаға соғылды: зардап шеккендер арасында балалар бар  
Автобус бағанаға соғылды: зардап шеккендер арасында балалар бар  
108
оқылды

Жол апатының себебін полиция анықтап жатыр. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

«Бүгін сағат 07:43-те №38 маршруттық автобустың 44 жастағы жүргізушісі Торайғыров көшесімен келе жатып, Академик Бектұров көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, жарық бағанасы, жол белгісі және жарнама тақтайшасына соғылған. Тергеу басталды», – дейді полицейлер.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала мен екі ересек адам ауруханаға жатқызылды. Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі ішімдік ішпеген.