Докторантураға түсетіндер арасында «ректорлар тізімі» деген алыпқашпа сөзді жоямыз – Асхат Аймағамбетов
Докторантураға түсетіндер арасында «ректорлар тізімі» деген алыпқашпа сөзді жоямыз – Асхат Аймағамбетов
224
оқылды

Емтихан сәтін бейнекамера арқылы бақылайды. Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде және Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пункттерде өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Бұл бізге «ректорлар тізімі» деген алыпқашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Эссені де, басқа тапсырмаларды да осы компьютерлермен бейнекамералардың алдында отырып жазатын болады», – дейді министр.

Бұған дейін ҰБТ-ны өткізу туралы жазған болатынбыз.