Құрбысының көңілдесін өлтірген əйел ұсталды
Құрбысының көңілдесін өлтірген əйел ұсталды
187
оқылды

Polisia.kz-тің мәліметінше, Қостанай қалалық полиция басқармасына ер адамның көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиғаның мән-жайын жедел-тергеу тобы анықтады. Көлік жөндеу станциясының қызметкері жалақы алып, Қостанайға көңіл көтеріп, демалу үшін келген. Балалары мен әйелі ауылда қалған. Мұнда ер адам екі досымен кездескен. Сонымен қатар қалада оның көңілдесі болған. Осылайша, олар көңілдесінің құрбысын да шақырып, екі күн бойы жалдамалы пəтерде көңіл көтерген. Отырыс кезінде ер адам мен оның көңілдесі арасында жанжал туындаған.

Құрбысының көз жасын көріп, шыдай алмаған əйел ер адамды «жазаламақ болған». Қолына ас үй пышағын алып, әйел жәбірленуші жатқан жатын бөлмеге барған. Өткір қарумен арқасына жасалған соққыдан соң ер адам сол жерде қайтыс болған.

Оның екі досы бұл кезде балконда темекі тартып тұрып, екі әйелдің үйден қалай кетіп қалғанын да білмей қалған. Залда ішімдік ішуді жалғастырған олар жатын бөлмедегі мәйітті де көрмеген. Полицияны пәтер иесі шақырған.   https://youtu.be/HJzlHMtpD5A

Әйел полицияға келесі күні кінәсін мойындап, өзін ретке келтіріп болған соң келмек болғанын жеткізген. Алайда күдікті одан бұрын ұсталды. Ал құрбысынан куәгер ретінде жауап алынды. Аталған факті бойынша тергеу жалғасып жатыр. Ұсталған күдікті тергеу изоляторына қамалды.