Бас санитарлық дәрігердің қаулысында азаматтардың өтініші бойынша 21-90 күн аралығында вакцина алуға болады деп көрсетілген.
Екінші дозаны бірінші вакциналау жүргізілген жерден алу қажет екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны жасаушылардан, РҒА академигі, Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтен дозалар арасындағы аралықтың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтінін және кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігіне әкелетіні туралы ресми хат алғанын еске саламыз. Осыған байланысты «Спутник V» екінші компонентін егу мерзімі ұзартылды. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес екі дозаның арасындағы аралық 21-ден 45 күнге дейін ұлғайтылды. Ал жалпы «Спутник V» екінші компонентін 90 күн ішінде егуге болады.Бұл ретте, қажет болған жағдайда, Қазақстан азаматтары вакцинаның бірінші компонентін алған жері бойынша өтініш бере алады және 21-күні екінші компонентті ала алады. Естеріңізге сала кетейік, КВИ-ға қарсы вакцинация екі кезеңде жүргізіледі: алдымен I компоненті 0,5 мл дозада, содан кейін 45 күннен кейін вакцинация күнін есептемегенде – II компоненті 0,5 мл дозада; бұл ретте жекелеген жағдайларда вакцинацияланушының өтініші негізінде II «Гам-КОВИД-Вак» компонентімен 21 күннен 90 күнге дейінгі кезеңде вакцинация жүргізіледі». Қазіргі уақытта елдің медициналық ұйымдарында КВИ-ға қарсы вакцина жеткілікті. Бүгінгі таңда «Спутник V» вакцинасының қалдығы: бірінші компонент – шамамен 200 мың доза, екінші компонент – 220 мың дозадан астам. Бұдан басқа, халықты иммундау үшін БАӘ «Синофарм» компаниясымен бірлесіп шығарған 28 мыңнан астам доза отандық «QazVac» вакцинасы және 350 мыңға жуық доза «Hayat-Vax» вакцинасы бар. Осы аптада 400 мың дана көлемінде екінші компоненттің вакциналары келеді деп күтілуде. Вакциналарды елге жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.«Аралықты ұлғайту халықты иммундауды айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді. Себебі, қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің барлық күштері вакцинаның бірінші компонентімен қамтуға бағытталған. Вакцинаның бірінші компонентін егу 12-14 күннен кейін антиденелер шығаруды қамтамасыз етуге және 3 аптадан кейін иммунитетке ие болуы мүмкін», – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.