Мұрынға себетін коронавирусқа қарсы вакцина қашан шығарылады?
Мұрынға себетін коронавирусқа қарсы вакцина қашан шығарылады?
176
оқылды

Препарат 2022 жылы тіркелуі мүмкін. Бұл туралы орталық директоры Александр Гинцбург мәлім етті, – деп хабарлайды іnform.kz.

«Орталық COVID-19-ға қарсы вакцинаны жасау және жетілдіру бойынша бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Бір бағыты – назальды вакцина жасау. Қазір оның клиникаға дейінгі зерттеуі жүргізіліп жатыр. Сынақты биыл жылдың соңы мен келесі жылдың басында өткізбекпіз. 2022 жылы зерттеу нәтижелері бойынша тіркеуден өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Оның айтуынша, әзірге назальды вакцина екі мәрте жасалды деп болжанған. Бірақ бір реттік болуы да ықтимал. Вакцинаның артықшылығы – жанама әсері іс жүзінде болмайды.