Табысы бірнеше миллион: әлеуметтік желінің жұлдызына айналған бүлдіршіндер
Табысы бірнеше миллион: әлеуметтік желінің жұлдызына айналған бүлдіршіндер
276
оқылды

Бүгінде әлеуметтік желі өміріміздің бір бөлшегіне айналса, балалар сол әлемнен ажырамайтын болды. Әрбір шаңырақтың нәрестесі көзін тырнап ашқаннан YouTube, TikTok секілді әлеуметтік желілерде күнін өткізеді. Соған қарай әзіл-қалжыңға толы видеолар түсіру жеткіншектердің ермегіне айналды.  Арасындағы көңілді көріністер кеңінен таралып, оларды танымал етті. Соның арқасында бүгінде қыруар табыс тауып отыр...

[caption id="attachment_136886" align="alignnone" width="1070"]бала ©ztb.kz[/caption] Шын мәнісінде, кейбір балалар ата-анасының көмегімен танылып, жұлдыз болып жатыр.  Мысалы, Yuframe командасындағы атақты вайнерлер Арман мен Каринаның баласы бір жасынан танылды. Бәрі оның қызықты қылығын суретке түсіруден басталған. Қазір 4 жасар Әлімнің 430 мыңнан астам оқырманы бар. Ата-анасының айтуынша, күн көрісін өзі тауып отыр. Тіпті, былтыр дүниеге келген інісі де жұлдызға айналды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Юсупов Алим (@alim_yussupov)

Қазақстандың Youtube арналардың ішіндегі ең танымалы  — 10 жасар Әмина Малғаждардың арнасы. Аминка-Витаминка арнасын Әдия мен Аружан деген апалы-сіңлі жүргізеді. Олар негізінен түрлі челлендж бен вайн түсірумен машықтанған. Апалы-сіңлінің сценарисі де, режиссері де, операторы да олардың әке-шешесі – Арай мен Рамазан Малғаждар. Қазір арнаның 5,31 миллион жазылушысы бар, қаралымы 3 миллиардтан асады. Ақшаға салсақ, осы уақытқа дейін 110 миллион теңге тауыпты. [caption id="attachment_136903" align="alignnone" width="1024"]бала ©ztb.kz[/caption]

Оның үстіне, арнаның рейтингісі жоғары болған сайын жарнама берушілер де көбейеді. Ал әр салынған видеоның қаралымы артқан сайын, табыс та жақсы түседі. Мысалы,  YouTube каналының статистикасы бойынша Витаминканың күнделікті кірісі 400-ден 1500 долларға дейін екен. 

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Аминка Витаминка (@aminokka)

Бәрі осыдан 6 жыл бұрын басталған. Үш қыздың анасы Арай Малғаждар балаларының суреттері мен қызықты видеоларын әуелі өз парақшасында бөлісіпті. Содан жора-жолдастары ұнаған видеоларды таныстарына жіберіп, ел ішінде танылып кеткен. Қазір олар Мәскеуде тұрады. Енді қыздар ән жазып, бейнебаян түсіруде. Мәселен, Әминаның 2017 жылы «Менің кішкентай ханзадам» атты әні хитке айналды. Бір жылдан кейін сол әнге бейнебаян түсірілді. Міне, сол бейнебаян 2019 жылы  Nickelodeon Kids Choice сыйлығына ұсынылды. [caption id="attachment_136910" align="alignnone" width="1067"]бала ©weproject.media[/caption] Тағы бір қызымыз шетелде жүріп, танымалдыққа ие болды. Софи Манасян – биші, актриса, хореография бойынша ЮНЕСКО мүшесі, дүниежүзіндегі көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Оның Instagram-дағы аккаунтында 400 мыңнан астам оқырманы бар. Софи әу басында цирк актрисасы ретінде танылған. Бүгінде АҚШ-тағы жарнамалық билбордтарға түсіп, Nickelodeon арнасынан түспейтін қазақстандық қыз.

Біздің инстаграм-блогерлердің жарнама үшін алатын ең төменгі құны – 70 мың теңге. Ал парақшасына орналастыруға 300 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін бағаланған.

[embed]https://www.tiktok.com/@homm9k/video/6961755354556271873?is_copy_url=1&is_from_webapp=v1[/embed] 17 жастағы алматылық оқушы Алина Кимнің жылдық табысы бірнеше миллионнан асады. TikTok әлемінде Хомяк лақап атымен белгілі. Бүгінде оның 18 миллион оқырманы бар.  Айтуынша, ол бұл оқырманды бір жылда жинаған.

"Бастапқыда менде бір миллион 700 ғана жазылушым болды. Блогерлік топқа келгелі оқырманым көбейе түсті. Алғашында танымал болуды не болмаса ақша табуды ойлағаным жоқ. 9- сынып оқып жүргенде сыныптастарым жан-жаққа кететін болды. Содан бірге өткен күндеріміз есте қалу үшін видео түсіре бастаған едім" - дейді Алина Ким.

Қазір ол 11-сыныпта оқиды. Мектептен келген соң видео түсіреді екен. Табысы нақты қанша екенін айтпаса да, үш бірдей ірі компанияның иесі болатындай қаржы тапқанын жеткізді.