Қазақстанда күн 36 градусқа дейін ысиды
Қазақстанда күн 36 градусқа дейін ысиды
107
оқылды
"Қазгидромет" РМК 15-17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Қазақстанның көптеген аймағында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен бұлтты, тыныш және құрғақ ауа райы сақталады. Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында түнде температуралық фон 8....16 градусқа дейін, күндіз 25....33 градусқа дейін, батыс және оңтүстік аймақтарда түнде 12....20 градусқа дейін, күндіз 28....36 градусқа дейін көтеріледі. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында ауа райының құбылмалы сипаты сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі уақытта үсік жүретіндіктен, топырақ беті 1 градусқа дейін қатуы мүмкін",- делінген хабарламада.