Екпе алған адамдар да маска тағуы тиіс
Екпе алған адамдар да маска тағуы тиіс
98
оқылды

Әлеуметтік желіде вакцина паспортын көрсеткен жағдайда медициналық маска тақпай жүруге болатыны туралы ақпарат тарап кеткен. Осы ақпаратқа қатысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев былай деп жауап берді.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық азамат вакцина салдырып-салдырмағанына қарамастан барлық талапты сақтауы тиіс. Ол – маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кездесуінде қазақстандықтардың 60% екпе алған жағдайда ғана маска режимін тоқтату мәселесін қарастыруға болады деген еді. Жалпы 14 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, елде 1 790 356 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған.