Елбасы Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Елбасы Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
107
оқылды
Кездесуде биыл 19 мамырда өтетін Қауіпсіздік Кеңесі отырысының күн тәртібі және жиында қарастыру жоспарланған құжаттар талқыланды, - деп хабарлады elbasy.kz.
– Аппарат Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысына материалдарды дайындады. Отырыста екі мәселе қаралады. Біріншісі – Қарулы Күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы туралы, екіншісі –  шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде. Бірінші мәселе бойынша Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, негізгі басым бағыттар мен іске асыру кезеңдері анықталды. Сондай-ақ Үкіметпен бірге қаржыландыру және Тұжырымдаманы іске асыруға қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындардың қатысуы мәселелері қаралды, – деді Ә.Исекешев.
Өз кезегінде Қорғаныс министрі жаңа Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан  армияны құрудың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат ұсынды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына бірқатар нақты тапсырма берді.