Ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады
Ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады
108
оқылды
"Қазгидромет" РМК төрт облыс аумағында дауылды ескерту жариялады. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында ауа райы құбылмалы болады. 15 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с дейін күшейеді.  Маңғыстау облысында күндіз 38-39 градус аптап ыстық болады деп болжанып отыр. 15-16 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.  Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.