Алматыда 600 камераға жасанды интеллект орнатылған
Алматыда 600 камераға жасанды интеллект орнатылған
97
оқылды
Алматы полициясы жасанды интеллекті бар бейнекамералар туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы Полиция департаментінің хабарлауынша, бейнекамераларды пайдалану қылмыстың азаюына оң әсер етті.
"Бүгінде полиция төрт мың бейнебақылау камералары көмегімен қаладағы заңдылық пен тәртіпті бақылайды, олардың 600-і жасанды интеллектпен қамтамасыз етілген және бұзушылықтарды адамның қатысуынсыз өздері тіркейді. Камера іздеуде жүрген адамды немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар автокөлікті анықтай алады. Олардың көмегімен жыл басынан бері бір мың 400 қылмыстың беті ашылды, 780 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды", – деді Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов.
Оның айтуынша, Алматы қаласын дамыту жөніндегі бағдарлама аясында тәртіп сақшылары қаланың барлық нысандарындағы бейнекамералардың деректеріне қол жеткізе алады.
«Сауда үйлері, ауруханалар, емханалар, мектептер, бір сөзбен айтқанда, азаматтар жаппай баратын орындарда камера орнатылды. Осылайша, біз қалада 100 мың бейнебақылау камералары арқылы тәртіпті сақтауға мүмкіндік аламыз. Біз дәл осы алдын-алу шаралары жалпы қылмыстың азаюына оң әсер еткеніне сенімдіміз. Біздің қала тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз болды. Сондықтан біз осы бағытта жұмыс жасай береміз», – деп қорытындылады Қанат Таймерденов.