Алаяқтыққа итермелеген антикор қызметкері жазаланды
Алаяқтыққа итермелеген антикор қызметкері жазаланды
94
оқылды

Ақтөбе облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері алаяқ­тық және пара беруге итермелегені үшін сотталды. Өзі тікелей күресуге тиіс мәселемен бетпе-бет келген қызметкер тиісті жазасын алатын болды.

Сот 2019 жылғы шілдеде Ақ­төбе облысы бойынша сы­байлас жемқорлыққа қарсы қыз­меттің аға офицері ЖШС иесін салықтар мен өсімпұлдарды азай­ту мәсе­­лесін реттеу үшін пара беруге итер­­мелегенін және оның 60 мил­лион теңге сома­сындағы ақша­сын иемденгенін анықтаған. «М-ның кінәсі жәбірленуші, куә­герлер айғағы, тергеу, жедел-іздестіру шаралары хаттама­сы­мен, сот сараптама қо­рытын­­­дысымен расталады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі санк­циясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздей­ді. Бұл – ауыр қылмыс. Қылмы­стық кодекстің 367-бабы 4-бөлі­гінің санкциясы – 10 жыл­дан 15 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру. Сот шешімімен жаза та­­ғайынд­ау кезінде қызметкердің қа­былдаған антты бұзғаны ауыр­лататын жағдай деп танылды. Осыны ескере отырып, айып­талушы жазасын ең жоғары қауіпсіздік (қатаң режим – ес­керт.) қыл­мыстық-атқару жүйесі меке­месінде өтей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айы­рылды» делінген сот ха­бар­ламасында. Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айы­рылды. Бұдан басқа, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алын­­­ған қаражатқа сатып алын­ған мүлік тәркіленді.Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.  

Айша ЕРСҰЛТАН