Қазақстанда карантин кезінде 48 мың отбасы ажырасты — зерттеу
Қазақстанда карантин кезінде 48 мың отбасы ажырасты — зерттеу
126
оқылды

Карантинде ажырасу деректері едәуір азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2019 жылы 60 мыңға жуық жұп ажырасса, былтыр 48 мың шаңырақ шайқалды. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Рамазанова осындай дерек келтірді. Арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 72%-ы отбасы институтының маңыздылығын атап өтті.
«Бұған дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» байқауының да септігі мол», — дейді маман.
Республикалық сайыс биыл тағы жалғасын табады. Яғни, халықаралық отбасы күніне орай жетінші мәрте ұйымдастырылып, үлгілі отбасыларды жинады.
"Республикалық байқау өтуде. «Мерейлі отбасы». Конкурсқа қатысқан жеті жылдың ішінде 62% — ауылдық жердегі отбасы, 36% — көпбалалы отбасы, 18%-і — жас отбасылар. Жеті жылдың ішінде республиканың ішіндегі конкурсқа қатысқандардың саны — 15 200. Биыл байқаудың ережесін өзгерттік. Ол екі кезеңде өтеді. Бас жүлде алушылардың барлығы облыстық деңгейде белгілі болады", — деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Рамазанова.
Еске салсақ, министр «Атаулы әлеуметтік көмек аламын» деп жаппай өтірік ажырасқандар туралы айтқан еді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ажырасу көбейгенін айтты.