Қытайда құйыннан 7 адам көз жұмды
Қытайда құйыннан 7 адам көз жұмды

Аспан асты елінің орталығы мен шығысында құйын соғып, 7 адамның өмірін жалмады. 

Бұдан өзге, 200-ден астам тұрғын жарақат алды. Құйын алдымен Хубей аймағындағы Ухань қаласында көтерілді. Секундына 23 метр жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, 30-ға жуық үйді жермен-жексен еткен. Сондай-ақ, 100-ден аса ғимараттың бүлінгені белгілі болды. Екінші құйын Цзянсу провинциясындағы Суч-жоу қаласында басталып, одан бір адам көз жұмды. Салдарында 21 тұрғын зиян шекті. Қазір бұзылған ғимараттар қалыпқа келтіріліп жатыр. Синоптик мамандар, алда тағы да құйын көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Еске салсақ, Ақтоғайда отыздан астам үйдің шатырын құйын жұлып кеткен еді.