Вице-министр Түркістанда Абылай ханның хатын табыстады

Түркістан қаласындағы қазақ халқының терең тарихынан сыр шертер жәдігерлердің алтын ұясына айналып отырған «Ұлы дала елі» орталығы тағы бір құнды жәдігермен толықты. Атап айтқанда, киелі шаһарға іссапармен барған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов өзінің жеке мұрағатындағы Абылай ханның орыс патшайымына жазған хатының түпнұсқасын орталыққа арнайы табыстады, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Түркістан облысындағы жұмыс сапары барысында вице-министр Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне де зиярат етіп, сол маңдағы этноауыл мен ботаникалық бақты аралап көрді.

«Ұлы дала елі» орталығында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлылардан қалған мұра» атты іс-шараға қатысты.

Вице-министр Түркістанда Абылай ханның хатын табыстады

Вице-министр Түркістанда Абылай ханның хатын табыстадыӨткен жылы пайдалануға беріліп, қаланың көркіне сән қосып тұрған «Ұлы дала елі» орталығының ғажап ғимаратын аралау барысында директоры Гүлжанат Дүйсенбаева орталықтағы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы бойынша жасақталған тарихи құндылықтармен таныстырды.

Жиында ұлтымыздың құндылықтары жайында пікірлер айтылып, вице-министр өзінің жеке мұрағатында сақталып келген қазақ ханы Абылайдың Ресей патшайымы Анна Иоановнаға жазған хатының тұпнұсқасын орталық басшылығына салтанатты түрде табыс етті. Шараға Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, облыстық қоғамдық Даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов және БАҚ өкілдері қатысты.

Вице-министр Түркістанда Абылай ханның хатын табыстадыЖиында сөз алған Болат Анапияұлы рухани астанамыздың күн санап көркейіп, жанданып, қайта түлеп келе жатқаны Елбасымыздың осыдан үш жыл бұрынғы қабылдаған тарихи шешімінің жемісі екенін тілге тиек етті.

«Көне Түркістан шаһары небәрі үш жылдың аралығында адам таңғаларлықтай әсем де, көркі көз тартар шаһарға айналды. Таяуда ғана Түркістан – Түркі елдерінің мәдени астанасы атанып, Қазақ елінің нағыз мәдени, рухани орталығы екенін барша жұртқа паш ете бастады. Соңғы екі жылда қалада 200-ден астам мәдени, рухани, әлеуметтік нысандар бой көтеріп келеді. Осы ретте мен де бүкіл қазақ халқының терең тарихынан сыр шертер жәдігерлердің алтын ұясына айналып отырған «Ұлы дала елі» орталығына жеке мұрағатымда сақталып келген Абылай ханның орыс патшайымы Анна Иоановнаға жазған хатын тапсыруды жөн көрдім», – деді Болат Анапияұлы.

Вице-министр Түркістанда Абылай ханның хатын табыстадыАйта кетейік, «Ұлы дала елі» орталығы 2020 жылдың қыркүйек айының 28-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласына сапары барысында ашылған болатын. Орталықтың негізгі мақсаты – Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында атап өтілген тарихи құндылықтарды насихаттау. Орталық Қазақ Хандығының құрылғанынан бастап, жаңа дәуір дамуына дейінгі әртүрлі тақырыпты ашатын 9 тарихи-заманауи залдан тұрады. Бірінші қабатта Түркістан қаласы түркі халқының рухани астанасы болғандықтан түбі бір түркі халықтарының баға жетпес құндылығы, Күлтегін ескерткішінің үшінші көшірмесі қойылған.

Көне жәдігерлерді аралап көрген вице-министр орталық қызметкерлерінің жұмысына шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, ол «Керуен сарай» кешенін, Тұңғыш Президент саябағын, «Алтын Самұрық» театрын, фудкор аймағын аралап көрді.

Тельман БЕЙСЕНОВ

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.