Сауранда апта сайын кездесетін болды
Сауранда апта сайын кездесетін болды

Түркістан қаласымен қатар дамуға бет алған жаңа Сауран ауданының тіршілігі жандана бастады. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен наурыз айынан бастап іргетасы қаланған ауданның әкімшілік құрылымдары орналасуы тиіс ғимараттардың құрылысын жүргізу және ауыл округтерінің тыныс тіршілігі басты назарда тұр, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Айта кетейік, бүгінде Сауран ауданындағы әкімдік бөлімдерінің штаттық бірліктері бекітіліп, ережелері Әділет басқармасында тіркеуден өтуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитовтың төрағалық етуімен өткен басқосуда мәлім болды.  width=Жиын барысында Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков атап өткендей, жер көлемі 700 мың гектардан асатын жаңа ауданда 103 мың халық тұрады. Аудан әкімі алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен бөлісті. 12 ауылдық округті бауырына басқан Сауран ауданында дені ауылшаруашылық саласы арқылы тіршілік жасап отырған ауыл тұрғындарының күнделікті мәселелерінен өзге, аудан орталығы — Шорнақта инфрақұрылымды дамыту, әкімдік пен оған қарасты құрылымдар жайғасу үшін жаңадан тұрғызылатын құрылыс нысандарының да жұмысы басталып жатыр.  width=Сауран ауданында болып, жаңа ауданда атқарылып жатқан жұмыстарымен танысқан облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау мақсатында апта сайын Сауран ауданында басқосу өткізілетінін жеткізді. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары А. Сабитов жаңа ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс орындарын аралады.

Тельман БЕЙСЕНОВ