Екі адам жүк көлігімен бірге өртеніп кетті — ШҚО
Екі адам жүк көлігімен бірге өртеніп кетті  — ШҚО

Құтқарушылар Өскемен-Алтай тасжолында жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлады.

Жолда Volvo автокөлігі аударылып қалған. Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Осыдан кейін автокөлік өртене бастаған. Өрт сөндірушілер тұтанған өртті сөндірді. Сөндіру жұмыстары кезінде екі адамның мәйіті табылды, олардың кім екендігі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Еске салсақ, Ақтөбеде көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп, 10 адам эвакуацияланды.