Жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

Жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

Бүгін сағат 12:45 шамасында Өскемен-Алтай тас жолымен келе жатқан Volvo жүк көлігі шұңқырға аударылып кеткен. Аударылған жүк көлігі өртке оранған. Полиция қызметкерлері жүк көлігінен денесін күйік шалған жүргізуші мен 3 жолаушыны алып шықты. Жолаушылардың екеуі жасөспірімдер болып шықты. Жол апаты тас жолдың 25 шақырымында болған.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп жазады ПД баспасөз қызметі.