Көшеде көлік аударылып кетті
Көшеде көлік аударылып кетті
5,107
оқылды
Елорда көшесінде көлік аударылып кетті. Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғасынан кейін көлік аударылып кетті. Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, апат 15 мамырда таңғы сағат 06.41 шамасында болған. Subaru Forester автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Сәтпаев көшесінің бойымен Қажымұқан көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын сигналына шығып, Lada маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан Subaru Forester маркалы автокөлігі төңкеріліп қалған. Жол-көлік оқиғасы орнынан Lada көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өтті. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерге барынша мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ұсынады.