Жалған ақпарат таратты деп айыпталған Темірлан Еңсебек босатылды
Жалған ақпарат таратты деп айыпталған Темірлан Еңсебек босатылды
153
оқылды
Qaznews24 паблигінің иесі Темірлан Еңсебекті полиция босатты. Rukh2k19 мәліметінше, одан бес сағат жауап алынып, одан кейін босатылған. Іс қазір жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа дейінгі тергеу сатысында. Еңсебек жалған ақпарат жарияламау туралы құжатқа қол қойды, алайда өзін кінәлі деп санамайды. Әзірге телефоны мен компьютері өзіне қайтарылмаған. Бұған дейін полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында оның Instagram-дағы аккаунтын тексеріп, жарияланған хабарламалары жалған деп айыптады. Ал автордың өзі оны сатиралық жазбалар деп санайды.