"Басымдағы дауыс қинады". Әйел өзінің туған екі баласын өлтірді

"Басымдағы дауыс қинады". Әйел өзінің туған екі баласын өлтірді

Аризона штатының Финикс қаласында әйел адам басында тыныштық бермеген дауыстарға бола балаларын өлтірді. Бұл туралы FOX 10 Phoenix телеарнасы хабарлайды.

Америкалық полицияға "басымдағы дауыс өлтір деп жатыр" деп шағымданған. Осы шағымнан кейін оның үйінде 9 жасар қыз бен 7 жасар ұл баланың мәйіті табылды.
"Оның пәтеріне барған офицерлер 9 жасар қыз бала мен 7 жасар ұл баланың мәйітін тапты. Денелерінде зорлық-зомбылық белгілері анық көрініп тұр", — деді полиция өкілдері.
Полицияның бұған дейін де оның үйіне келгені белгілі болды. Көршілері жұптың көп ұрысатынына шағымданған. Алайда құқық қорғау органдарының пікірінше, ол кезде балаларға ешқандай қауіп төнбеген. Ана қамауға алынды, одан детективтер жауап алып жатыр. Еске салсақ, 2020 жылдың тамыз айында британ әйелдің туысқан ағасынан алты бала босанғаны хабарланды. Ол балаларының екеуін өлтіріп, кейін тағы төртеуін өлтіруге оқталған. Бұл оқиғаға дейін әлеуметтік қызметкер оны "үлгі боларлық, қамқор ана" деп сипаттаған еді.