Алматыда өртеніп жатқан ғимараттан 7 адам құтқарылды
Алматыда өртеніп жатқан ғимараттан 7 адам құтқарылды
5,116
оқылды

16 мамыр сағат 05:52-де төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Қарасу ықшам ауданы, Солтүстік айналма жолы, 158 үйде өрт болғаны туралы шұғыл желіге келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнына аттанды. Мансарды бар екі қабатты ғимараттың жертөлесі жанып жатты, — деп хабарлайды zakon.kz.

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұза отырып, ғимараттың жанындағы шатырдың астында ағаш, картон қораптары және шкаф жиһаздары сақталған. Жалынның тез таралуына жертөле жиһаз шеберханасында жоғары қабатындағы заттардың көп болуы ықпал етті. Үй-жайды тез арада қара түтін басып, қатты ыстық леп есіп, шығу жолдарын тосқауылдады. Жалын бүкіл ғимаратты шарпыды.
"Газ және түтіннен қорғау қызметі өрт сөндіру кезінде алты адамды тауып, құтқарды. Өрт сөндірушілер құтқарылған алтыншы адамды қатты түтін басқан бөлмеден алып шықты. Оқиға орнында сол арадан өтіп бара жатқан Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері бірінші болып көмекке жетті. Қызметтен тыс кезіне қарамастан Александр Чистяков бірден адамдарды құтқаруға кірісті. Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгенге дейін ол және тағы үш куәгер жертөле терезесіндегі темір торларды бұзып, ер адамның сыртқа шығуына көмектескен, содан кейін олар техниканың өтуіне кедергі келтіріп тұрған көліктерді эвакуациялаған. Құтқарылған жеті адамға да ТЖД апаттар медицинасы орталығының тобы жедел медициналық және психологиялық көмек көрсетті" — делінген хабарламада.
Өртті сөндіру үшін өрт шүмектері жеткізілді, су көздеріне цистерналар орнатылды, сонымен қатар, ғимарат ішіндегі жанғыш заттар концентрациясын төмендету үшін өрт сөндіру көлігі, "Алматы Су" су тасымалдаушылары өрт шыққан жерге су беруді ұйымдастырды. Өрт болған жерден қабылданған шаралардың арқасында жеті адам құтқарылды. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің 41 жеке құрамы,12 техника жұмылдырылды. Өрт шығуының алдын ала себебі — электр сымдарының тұйықталуы. Өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғаны үшін ғимарат иесі ҚР Әкімшілік кодекстің 410-бабы бойынша жауапқа тартылды.