Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасы - "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесіне" сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Әкімдер, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына соңғы 14 күнде Мальдив аралына барған-келген адамдардың тізімін берсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде министрліктің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандарына соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барған адамдардың тізімдерін берсін.
Қаулы 2021 жылғы 17 мамырда сағат 00: 00-де күшіне енеді.