UFC рекорды жаңарды
UFC рекорды жаңарды
Техас штатының Хьюстон қаласында UFC 262 турнирі аяқталды. Оның басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы (70,3 кг) чемпиондық атақтың тағдыры шешілді. Басты шайқаста UFC ардагері бразилиялық Чарльз Оливейра Bellator-дың бұрынғы чемпионы америкалық Майкл Чандлермен кездесіп, екінші раундта бразилиялық қарсыласын жойқын соққысымен нокаутқа түсірді. Осылайша Чарльз Оливейра жеңіл салмақта UFC чемпионы атанып, промоушен рекордын орнатты. https://www.youtube.com/watch?v=zBcJtPxjqHY Спортшы титулды жеңіп алу үшін 28 жекпе-жек өткізген. Ал мұның алдында UFC титулын жеңіп алу үшін ең көп айқас өткізген орта салмақтағы Майкл Биспинг болған екен.