Оралда септикке құлап кеткен баланың жағдайы ауыр
Оралда септикке құлап кеткен баланың жағдайы ауыр
109
оқылды
Оралда септикке түсіп кеткен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр. 15 мамыр күні  ата-анасының қарауынсыз қалған 3 жасар бала суы бар ашық септикке (тереңдігі 3 метр) құлап кеткен. Баланы сол тұстан өтіп бара жатқан ер адамдар шығарып алып, ауруханаға жеткізген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше баланың жағдайы ауыр.  «Баланың тыныс алу жолы бұзылып, тоқтаған. Аузына жасанды тыныс беру жасалып, қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Балаға бөлімше меңгерушісі хирург, кезекші реаниматолог және нейрохирургпен бірге қарап, медициналық көмек көрсетілген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан реаниматолог пен хирург шақыртылған. Шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған баланың жағдайы ауыр», – деп хабарлады ведомстводан.