Жаңа қаулы: Мальдив аралдарынан келген қазақстандықтар оқшауланады
Жаңа қаулы: Мальдив аралдарынан келген қазақстандықтар оқшауланады
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес Мальдив аралдарынан келген қазақстандықтар 14 күн оқшауланады. «Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары: 1) Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етсін. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарғы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі; 2) Соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін», – делінген қаулыда. Қаулы 2021 жылғы 17 мамыр, сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.