Жамбыл мен Қостанай облысының полиция басшылары тергеліп жатыр
Жамбыл мен Қостанай облысының полиция басшылары тергеліп жатыр

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің өңірлерде жүргізген тергеуі өткен аптада талқыланды. ​Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Қостанай және Жамбыл облыстары Полиция департаменттерінің тергеу бөлімшелерінің орта буын басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ол фактілер бойынша толық ақпарат қазірше тергеу талабына сай жарияланбайды. Сонымен қатар ІІМ жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес, заңбұзушылықтарды жою жұмысы жүргізілуде.

«Ел басшылығы ІІМ алдына сыбайлас жемқорлықты жою және полиция қатарында тәртіп орнату бойынша міндет қойған кезде, оның орындалмайтыны туралы пессимистік болжамдар айтылды. Бірақ, бүгінгі таңда жұмыс нәтижелерін беруде: парақорлық фактілері екі есе, сыбайлас жемқорлық, қылмыстық құқықбұзушылықтар үштен бірге азайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт айдағы деректер. Бұл жұмыс халықтың сенім деңгейін арттыру және азаматтардың полицияға деген сенімін қайтару үшін жалғасады», – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, жемқорлыққа қатысты фактілер анықталса, жазасы да ауыр.

Бұған дейін заңға бағынбаған полицейдің қызметке қайта орналасқаны туралы жазған болатынбыз.