Таяу Шығыстағы қақтығыс: 57 бала қаза тапты
Таяу Шығыстағы қақтығыс: 57 бала қаза тапты
163
оқылды

Хамас пен ЦАХАЛ арасындағы ушыққан қақтығыстан Газа секторында қайтыс болғандардың саны 188 адамға жетті. Оның 55-і - бала, ал Израиль тарапынан 10 адам мерт болды, оның 2-еуі бала.

Қақтығысқан екі тарап бір-біріне оқ жаудырып жатыр, – деп жазады 24.kz. Израиль армиясы Twitter-дегі ресми парақшасында Газа аумағындағы Хамас қозғалысының нысандарын жойып жатқанын хабарлады. Иерусалим 10 мамырдан бастап Газа секторындағы 1,5 мың әскери нысанға әуеден соққы жасалғанын айтады. Газа аумағынан да 2 мыңнан астам зымыран ұшырылды. Әлем елдері екі тарапты келісімге келуге шақырғанымен, одан әзірге нәтиже жоқ.