Қазақстан Мальдив аралдарына әуе қатынасын тоқтататын болды
Қазақстан Мальдив аралдарына әуе қатынасын тоқтататын болды

Қазақстан туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рейдің айтуынша, мұндай шешім Мальдив аралдарындағы коронавирус таралмауы үшін қабылданды.

«Мальдив аралдарында вирус жұқтырған адамдар саны өсіп жатыр. Біз науқастар саны азаяр деп ойладық, бірақ көріп отырғанымыздай, жағдай қиындай түсуде. Бүгінгі таңда біздің туристер қауіпсіз жерде. Олар аралдарға бөлініп жерлесті. Онда коронавирус жұқтырмауы үшін барлық жағдай жасалады. Дегенмен, туристер вирустың қауіпті штамын әкелуі мүмкін деп қауіптенеміз, ал оның салдары ауыр болады. Сондықтан ведомствоаралық комиссияның осы бағытты жабу туралы дәлелдерімен келісуге мәжбүрміз», – деді Инна Рей.

Tengrinews.kz-тің жазуынша, туристердің алаңдауына негіз жоқ. «Туристер 22 мамырға дейін өздерінің жоспары бойынша барып, келеді. Ал келесі рейстер шығындарды азайту үшін AirAstana-мен» біріктіріледі немесе оңтайландырылады. Егер тур сатып алып қойсаңыз, уайымдаудың қажеті жоқ. AirAstana өз міндеттемелерін толық көлемде орындайды. Ұшпаған туристерге туроператорлар қаражатты қайтарады немесе оларды депозитке салады (қаражат туроператордың депозитінде қалады, содан кейін оларды басқа турларды сатып алу үшін пайдалануға боладыред.) немесе турды қолайлы жағдай жасалған елге ауыстырады», – деп сендірді Инна Рей.