Қазақстанда халық санағы 1 қыркүйекте басталады
Қазақстанда халық санағы 1 қыркүйекте басталады
166
оқылды
  1. Cанақ «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!» ұранымен өтпек.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу процесі толық автоматтандырылып, оған заманауи сандық технологиялар енгізіледі. Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмыс істейді. Мұнда тұрғындар 15 қазанға дейін онлайн режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Бұрынғыдай үйді-үйді аралау 1 - 30 қазан аралығында жүргізіледі. Ол онлайн санаққа атсалыса алмағандар арасында жүргізілмек.

«Үйді аралау кезінде электронды планшеттер пайдаланылады. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторын азайтуға ықпал етеді. ЖСН-ді енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттырып, қағаз бен қалам шығыны азаяды. Мәліметтер қайталанбайды», – дейді мамандар.

Бұған дейін санаққа атсалысатын адамдарға қанша жалақы төленетінін жазған болатынбыз.