Әсел Айтпаеваның өлімі: Қазақстан Грузияға тергеу тобын жіберетін болды
Әсел Айтпаеваның өлімі: Қазақстан Грузияға тергеу тобын жіберетін болды
115
оқылды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

«Таяу уақытта халықаралық келісімдерге сәйкес, Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен Ішкі істер министрлігі Грузияға жедел тергеу тобын жібереді. Оның міндеті – орын алған қайғылы жайттың барлық мән-жайын зерделеу және грузин тарапымен сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ақпарат алмасу», – деді Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Әсел Айтпаеваның ата-анасының шағымымен азамат М.Мейірбековке қатысты Қылмыстық кодекстің 128-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Бұған дейін күдіктінің қамауға алынғанын жазған болатынбыз.