17, 19 және 24 мамырда Air Astana Мальдивтегі жолаушылар үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырады.
«КС586 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 19:35-те Маледен ұшып шығып, Алматыға келесі күні сағат 03:05-те қонады. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жолаушылар Алматыға келгеннен кейін 14 күндік карантиннен өтуі керек», – дейді әуе компаниясының өкілі. Алдын ала сатып алған билет құнын толықтай қайтаруға немесе басқа күнге ауыстыруға болады.«Күші жойылған рейстердің жолаушылары авиабилеттің құнын сатып алған жері бойынша толық қайтара алады немесе 2021 жылғы қазанға дейін басқа ашық күндерге ақысыз билет брондауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін билетті сатып алу орнына немесе брондау және ақпарат орталығына +7 727 244 4477 / +7 702 702 4477 нөмірі бойынша хабарласу керек», – дейді әуе компаниясының өкілдері.
Бұған дейін Мальдив аралдарынан келгендер оқшауланатынын хабарлағанбыз.