Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашевтің айтуынша, жаңа қаулы 6 мамырда қабылданды.
Бұған ірі қалаларда мамандандырылған жеке күзет ұйымдары жұмылдырылады. Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы мектеп басшылары күзет фирмаларымен шарт жасасқан. Олар 408 мектепті күзетеді.«Қазандағы оқиғадан кейін министрлікте ішкі істер органдарының басшылығымен шұғыл кеңес өткіздік. Бұдан былай, білім беру ұйымдарында күзет күшейтіледі. Мамыр айының басында Үкімет қаулысымен мектептерді терроризм, қауіп-қатерден қорғау үшін жаңа талаптар бекітілді. Қаулы 6 мамырда қабылданды. Енді білім беру нысандары міндетті түрде: бақылау жүйелері; персонал мен келушілерді хабардар ету құралдары; дабыл "түймелері», мамандандырылған күзет, рұқсат беру жүйелерімен жабдықталады», – деді Мұрат Баймұқашев.
Бұған дейін Қазан қаласындағы оқиғаның мән-жайын жазған болатынбыз.