Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. 17 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған 7 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. «Сары» аймақта: Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары. «Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.