Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң екі қазақстандық қайтыс болды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағали бұл фактіге қатысты пікір білдірді.
"Алматыдағы вакцинациялау қарқыны туралы" өткен онлайн-брифингте Лаура Мырзағали бұл фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын және кісі өлімінің нақты себебі вакцинациядан деп айту ерте екенін айтты. Тергеу нәтижесі маусым айында дайын болады.Марқұмдардың бірі - 1979 жылғы Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы перзентханасының қызметкері болып шықты. Бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда дәрігерлер вакцина салдыруға келген тұрғындармен бірге қылмыс жасағанын жазған болатынбыз.