Қазақстанда сатира жазуға тыйым салынған ба?
Қазақстанда сатира жазуға тыйым салынған ба?
194
оқылды

15 мамырда Instagram-да Qaznews24 парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталды. Полиция оның үйіне тінту жүргізіп, кейін Алматыдағы полиция департаментінде бірнеше сағат жауап алған. Тергеу ҚР ҚК 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) 2-бөлігі бойынша болған. Қазақстанда сатира жазуға тыйым салынған ба? Aikyn.kz анықтап көрді.

Құқық қорғаушы Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, ҚР Конституциясының 20-бабына сәйкес, Қазақстанның кез келген азаматы ақпаратты еркін алып, таратуға құқығы бар, шығармашылық еркіндік те берілген. [caption id="attachment_138024" align="aligncenter" width="977"]Ғалым Нұрпейісов Ғалым Нұрпейісов. Фото: Еhonews.kz[/caption]
"Қандай да бір ақпаратты сатиралық, ирониялық мәтінмен немесе сөзбен жеткізу сөз бостандығына жатады. Мысалы, мен бір оқиғаны көрдім, оны кез келген тәсілмен сипаттай аламын, өлең етіп жаза аламын, суретін сала аламын, қалжың-шыны аралас сатира етіп жаза аламын. Егер адам сарказм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылса, бізде цензура бар деген сөз", - дейді Ғалым Нұрпейісов.
Құқық қорғаушы Qaznews24 парақшасындағы кей жазбаға қатысты да пікірін айтты. "Қандай да бір нормативтік актіге немесе шенеуніктің іс-әрекетіне түсініктеме бергенде бұл ақпараттың қоғамға қалай әсер еткеніне мән беруіміз керек. Мысалы, санитар дәрігердің қаулысы туралы жалған ақпараттан кейін, соған адамдар сеніп, жаппай көшеге шықса немесе басқа да іс-әрекет жасаса, бұл - қылмыс. Себебі таралған жалған ақпарат қоғамға қауіп төндірді. Сондықтан қандай да бір жалған ақпараттан кейін адамдарға, қоғамға қандай да бір шығын келтірсе ғана, жауапкершілікке тарту керек. Нормативтік актіге пікірін білдірген адамның ойымен келісуге де болады, келіспеуге де болады, ол - әр адамның таңдауы. ҚР Конституцияның 5-бабында саяси және идеологиялық әралуандылыққа кепілдік береді, яғни адамды пікірі үшін айыптауға, соттауға ешкімнің құқығы жоқ. Криминал немесе қылмыстық пікір болмайды, қылмыстық іс-әрекет болады. Сосын адамның пікірі қандай мақсатпен айтылғанына да мән беруіміз керек", - дейді құқық қорғаушы Ғалым Нұрпейісов. «Әділ сөз» халықаралық ұйымының президенті Тамара Калееваның пікірінше, ҚР ҚК 274-бабының сатира мен әзілге ешқандай қатысы жоқ.  [caption id="attachment_138025" align="aligncenter" width="974"]Тамара Калеева Тамара Калеева. Фото: Sputnik.kz[/caption]
“ҚР ҚК 274-бабының (Көрінеу жалған ақпарат тарату) сатира мен әзілге ешқандай қатысы жоқ. Бұл қоғамдық қауіп тудыратын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне және қоғамның заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіретін ақпарат туралы заң. Темірлан Еңсебектің парақшасында "әзіл үшін жазылған жалған жаңалықтар, сатира" деген ескертулер жазылған. Бірақ полиция қызметкерлері “әзіл” және “сатира” ұғымынан бейхабар секілді. Сонымен бірге полиция сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясын да (20-бап) нашар білетін сияқты", - деп жазды Тамара Калеева.
Оның айтуынша, шығармашылық — сөз бостандығының ажырамас бөлігі. Алматы Полиция департаменті Темірлан Еңсебекті  жауап алғаннан кейін босатты. [caption id="attachment_138023" align="aligncenter" width="1000"]Темірлан Енсебек Темірлан Енсебек. Фото: Назерке Құрманғазинова[/caption] Кейін Қазақстандағы бірнеше БАҚ сатираның қылмыс емес екенін айтып, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа ашық хат жолдады.
Хатта "Qaznews24" сатиралық парақшасының авторы қажетті ескертудің бәрін жазып қойған, оған қажет дәлел бар, ұсынуға дайынбыз. Еңсебектің сатирасын шынайы жаңалық ретінде таратқан жергілікті анонимді парақшалардың иелері үшін ол жауап бермейді (оған да куәлік пен дәлел бар). Парақшадан тараған ақпаратқа келер болсақ, ешкімге материалдық та, басқалай да шығын келген жоқ. Біз істің барынша ашық жүргізілуін және Темірлан Еңсебектің әрекетінде зұлым ой болмағанын дәлелдейтін куәліктің бәрі есепке алынуын, сатиралық парақша авторына тағылған айыптардың алынуын талап етеміз, - делінген.