Қызылордада бес адам мінген көлік каналға құлап кетті
Қызылордада бес адам мінген көлік каналға құлап кетті
90
оқылды
Бес адам мінген «Skoda» көлігі «Қызылорда - Жезқазған» трассасы бойындағы каналға құлап кеткен. Бір адам көз жұмды. Оқиға бүгін, 17 мамырда сағат 04.50 шамасында болды.
«Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түскен шақыртумен оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Автокөлік ішінде жүргізушіден бөлек, 4 жолаушы болғаны анықталды. Олар жедел жәрдем қызметімен дәрігер қарауына жөнелтілді. Олардың денсаулығы қалыпты. Дәрігерлер тексеруінен өтті. Оқиға орнында 1961 жылы туған жолаушы көз жұмғаны белгілі болды. Құтқарушылар оның жансыз денесі мен автокөлікті сыртқа шығарды», - деді облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.