Атырауда 42 жастағы әйел 9-қабаттан құлап, мерт болды
Атырауда 42 жастағы әйел 9-қабаттан құлап, мерт болды
107
оқылды
Атырау қаласында 42 жастағы әйел 9-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі. Оқыс оқиға 15 мамырда болған.
«Күндізгі сағат 14:52 шамасында 1979 жылы туған әйел Атырау қаласының «Алмагүл» шағынауданындағы №9 үйдің 9-қабатынан құлап, қайтыс болған. Оқиға орнынан қан дақтары мен терезе әйнегінен қолдың 4 саусақ ізі алынды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы, 1-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.