Мектепте атыс шығармақ болған мәскеулік оқушы ұсталды

Мәскеуде мектепте оқушыларды атпақ болған тағы бір жасөспірім ұсталды, - деп жазады Life Shot Telegram-каналы.

16 жастағы Матвей жоспарын 15 жастағы құрбысына айтқан.

Зәресі ұшқан қыз естігенін анасына айтып берген. Әйел полиция шақырған.

 

"Матвейдің үйіне полиция дереу жетті. Жігіт өзінің әзілдегенін, ондай жоспары жоқ екенін айтқан", - делінген хабарламада

Алайда жоғары сынып оқушысы тұратын пәтерден  пневматикалық автомат;  пневматикалық тапанша;
"РС-31" маркалы "Жевело-Н" револьвері ;  гранатометтің бос мойыны  табылды.

Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырған 19 жастағы Ильназ Галявиевтен жауап алу сәтінде не айтқанын жазған болатынбыз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.