БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам мен 40 жылқы өртеніп кетті
БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам мен 40 жылқы өртеніп кетті
104
оқылды
Оралда 40 бас жылқы тиелген КамАЗ бен Mercedes автокөлігі соғысып, өртке оранды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оқиға Самара – Шымкент тас жолының 464-шақырымындағы Қаратөбе ауданы аумағында болған. Құтқарушылар екі адамның мәйітін тапқан. Тағы бір адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Көліктегі жылқылар түгел жанып кеткен. Қазір жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр.